Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінің теолог маманы М.Жәмиевтің ұйымдастыруымен мекемеде іс-шара өтті.

Шара барысында сотталған азаматтарға «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры, облыстық ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі Б.Камалов исламтанушы, діни қайраткер Серікбай Ораздың «Ұлы дала төсіндегі Ислам» атты кітабынан дәріс оқыды.

Оған қоса, Қызылорда облысының Дін істері басқармасы тарапынан сотталған азаматтарға Рамазан айының құрметіне құрма, су және жейде сыйға таратылды.

Кездесу соңында Б.Камалов сотталған азаматтарға алдағы уақытта да осындай іс-шаралар жалғасын табатынын айта келе, «Менің Отаным – менің отбасым» тақырыбында шығарма сайысын өткізуді ұсынып, сотталғандарға шығарманың шарттарын түсіндіріп өтті.

Өз кезегінде бас бостандығынан айырылғандар шығарма сайысына қатысатынын айтып, ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар өздерін елеп-ескергені үшін мекеме басшылығына және Дін істері басқармасына алғыстарын айтты.

Тағы да оқыңыз: