Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерде жазасын өтеп жүрген орта білім жоқ сотталғандар кешкі мектепте білім алуда.

Мекеменің ішкі күн тәртібіне сәйкестендіріп, сотталғандардың сабақ кестесі құрылып,оқу жоспарына сәйкес, қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінде 8 сотталған кешкі мектеп мұғалімдерінен білім алып жатыр. Сотталғандарды пән мұғалімдері сабақ берумен қатар халықаралық, республикалық онлайн байқау сайыстарға қатыстыруда. Қазақстан тарихы пәнінен «КиО» республикалық интелектуалдық олимпиадасы мен «Юстади» тестілеу орталығы ұйымдастырған жарысқа қатысқан Ә есімді сотталған жүлдеді ІІІ орын алды.

Тағы бір сотталған «Ұстаз тілегі» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған оқушылар арасындағы онлайн блиц-турнирге қатысып арнайы сертификатқа ие болса, екінші бір сотталған математика пәнінен халықаралық «Кенгуренок-2021» олимпиадасына қатысып, дипломмен марапатталды.

Мекеменің тәрбие бөлімінің қызметкерлері мен кешкі мектеп мұғалімдері кешкі мектеп оқушыларын І жартыжылдықты аяқтап, оқу үлгерімі жақсы оқушыларды марапаттады.

«Белгілі бір себептермен орта мектепті аяқтай алмадым. Қателікке жасап,шалыс басып түрмеге тоғытылдым. Қылмыстың өтеуі – жаза. Жазамды өтей жүріп, орта білімімді де алып жатырмын. Мектепішілік шараларға да қатысып жүрмін. Оқу үлгерімім жақсы болғандықтан шығар кешкі мектеп мұғалімдері онлайн жарыстарға да қатыстырып жатыр. Жүлделі орын алып дипломмен марапатталдым. Білім беріп жүрген кешкі мектеп мұғалімдері мен мекеме қызметерлеріне алғысым шексіз», – деді сотталған.

Тағы да оқыңыз: