Kyzylorda-news.kz. «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастырумен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен кәріс халқының Жаңа жылы – Сольналь мерекесі тойланды.

Салтанатты кешке «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері, облыстағы кәрістер этносы, облыстық этномәдени бірлестіктерінің басшылар мен мүшелері, бірлестіктің ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.

Мерекеге орай жиылған қауым алдында «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Мартана Дәулетбаева, мекеменің бөлім басшысы Асылбек Жұмабаев, облыстық Ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Ахметова, «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалының жетекшісі Елена Ким және өзге этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері сөз сөйлеп, кәріс халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, кәрістер этномәдени орталығының ардагерлері мен белсенді мүшелеріне сый сияпат көрсетілді.

Ай күнтізбесі бойынша тойланатын жаңа жылдық мереке биылғы күнтізбеге сай 12 ақпанға тұспа-тұс келді. Жаңа жылда кәріс этносы басымдықты отбасыға беретін көрінеді. Олар жас буынға, өскелең ұрпаққа ата-бабаның себэ салтын насихаттап, үлкендерді құрметтеуге шақыратын Жаңа жылды тек отбасымен бірге барлық жоралғыларды өз кезегімен орындады.

Сольналь мерекесіне қатысушылардың назарына “Алекс” хореографиялық ұжымының билері, қазақ және Латын Америка билері, әртүрлі тілдердегі әндер, сондай-ақ барлық тілек білдірушілер қатыса алатын ән байқауы өткізілді.

Тағы да оқыңыз: