Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында 30 шілде мен 5 тамыз аралығында «Мал ұрысы» жедел профилактикалық шарасы өтуде.

Шара барысында қалалық полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері мал ұрлығына күдікті 50 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді. Күдікті азамат жайылымдық өрістен бір бас сиыр ұрлап, мал иесіне 200 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Мал иесіне шығын сомасын толық қайтарды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-1-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: