Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық «Казанской иконы Божией матери» шіркеуінің бас қызметшісі Виталий Ивашинин ЗК-169/5 мекемесіндегі сотталушылармен кездесті.

Кездесуде дін өкілі «Тәубеге келу» тақырыбында насихат жүргізіп, мұсылман немесе христиан болсын шынайы тәубеге келудің маңызы зор екендігін түсіндірді.

Мекемеде жазасын өтеушілер арасында 8 сотталушы православтық бағытын ұстанады. Олар осы жүздесу барысында өздерінің жасаған күнәларына өкінетіндіктерін, тәубеге келу арқылы өз күнәларынан арылғысы келетіндерін айтты.

Кездесу соңында шіркеу қызметшісі алдағы уақытта христиан дінінің православ бағытын ұстанушы сотталғандарды күнәларынан арылту үшін діни рәсімдер жасайтынын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: