Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының тұрғыны жақын шетелден әкелінген автокөлікті есепке қоюға көмектесуге уәде берген. Ақысына 950 мың теңге алған. Жәбірленушінің ақшасын алып, уәдесін  орындамай, байланысқа шықпай қалған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталған облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін мойындады. Күдіктіге қатысты «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полиция департаменті белгілі бір төлем үшін автокөлікті тіркеуді ұсынатын азаматтардың қызметтерін пайдаланбауды ұсынады, өйткені бұл әрекеттер заңсыз», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Көлік құралдарын тіркеу бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуды «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жүзеге асырады.

Сонымен қатар, кеңес алу үшін Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының (87242) 29-77-44 телефон нөмеріне хабарласуға болады.

Тағы да оқыңыз: