Kyzylorda-news.kz. Қызылордада бұрын сотты болған шетелдік азамат айыппұлмен босатылды.

Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінде  жазасын өтеуші әзірбайжандық азамат ҚР ҚК 118-бабының 3 бөлігімен 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған. 

Бас бостандығынан айырылған азамат жазасын өтей жүріп, мәдени-спорттық іс-шараларға белсене қатысады. Оның жазасын өтелмеген бөлігін  айыппұл түріне ауыстыру үшін іс-құжаттары қалалық сотқа жолданады.

Қызылорда қалалық №2 сотында онлайн режимінде Әзірбайжан Республикасының азаматына қатысты сот отырысы өтті.

Сот қаулысының негізінде, жазасының өтелмеген бөлігі айыппұл түріне ауыстырылып, шетел азаматы босатылды.

Тағы да оқыңыз: