Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінің қызметкерлері тыл ардагері Айқын Қожағұлованы Ұлы Жеңістің 76 жылдық мерейтойымен құттықтады.

“Соғыс басталғанда небәрі 7 жаста едім. Етігімен су кешіп, масақ тердім. Ол кезде 7-8 жастағы балалар толыққанды жұмысшы адамдар болып саналатын. Бізде балалық шақ деген дәурен болмаған. Мектептің 4-7 сыныбындағы балалардың бәрін егінге апаратын. Бір кесе бидай үшін сотталып кететін”, – деген әже сұрапыл соғыс жылдарындағы тартқан тауқыметі жайлы сыр шертті.

Тыл еңбегінің ауыр жүгін арқаласа да, ұрпағының бүгінгі бақытты сәті үшін көрген қиыншылығына еш өкінбейтінін айтты.

Жұбайымен 8 бала өсіріп, олардан тараған немере, шөбере қызығын көріп отырған кейуана қазіргі бейбіт заманға шүкіршілік етеді. Қазір немере-шөберелерінің ортасында отырған қария оларға үнемі төзімділік пен еңбекқорлық жайлы жиі айтады.

87 жасқа келген кейуанадан естіген әңгімеден рухани жан азығын алып қайтқан ҚАЖ қызметкерлері ардагердің батасына кенелді. Өз кезегінде тыл ардагері де сала қызметкерлеріне алғыс айтты.

Тағы да оқыңыз: