Kyzylorda-news.Бүгін Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет подполковнигі Шаймерден Есенкелдиев ұзақ жылдар жауапкершілігі мол, қылмыстық-атқару жүйесі саласында қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққан ардагерлерді құттықтады.

Олар қауырт қызметті қиынсынбай, уақытпен санаспай, абыроймен адал еңбек еткен жандар. Аталған саладағы ардагерлердің қызметі кейінгі ұрпаққа үлгі екені анық. Сондықтан олардың қиын саладағы абыройлы қызметтері үнемі жас қызметкерлерге дәріптелуде.

Департамент бастығы Тұрсынбай Баймаханов, Әділхан Сапаров, Лечи Шабаев, Дидар Жұмалиев, Күзембай Қожақовты мерекемен құттықтады. Сонымен қатар өздерінен кейінгі қызметкерлерді патриоттық рухта тәрбиелеуге белсене қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапаттап, Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық кеңесінің «Ардагер» төсбелгісін тақты. Сонымен қатар, ішкі істер органдарындағы ұзақ және адал қызметі,құқықтық тәртіп пен заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің қазақстандық кеңесінің «Құрмет грамотасымен» қылмыстық-атқару жүйесі ардагерлер кеңесінің төрағасы Жамуров Серікбай Қойшыбайұлы марапатталды.

Тағы да оқыңыз: