Kyzylorda-news.kz. 14 маусым – Халықаралық донор күні.

Айтулы күнге орай Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 30 қызметкері қан тапсырды. 

Бұл қайырымдылық акциясын бастап келген департамент бастығының орынбасары,  әділет полковнигі Мұрат Нәкенов болды. 

Донор болып, мұқтаж жанның өмірін ұзартуды әділет полковнигі Мұрат Сабырұлы өзінің азаматтық парызы санайды.

Мекеме қызметкерлерінің бұл алғаш донор болуы емес. Бұған дейін де біршама қызметкер облыстық қан орталығын үнемі қан тапсырып, өзгеге өмір сыйлауда.

Атап айтар болсақ, жеке құрам бойынша аға инспекторы әділет майоры Айдос Алназаров 10 жыл ішінде жылына 6 рет 450 мл-нан  қан тапсырып келеді. Сондай-ақ ЗК-169/1 мекемесінің кезекші қызметінің тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі, әділет майоры Мұсабек Қаратаев 2006 жылдан бері үздіксіз донор болып келеді.

Бүгінгі донор күніне байланысты акцияға қатысқан, ЗК-169/4 мекемесінің әділет капитаны АлмасТоғатайдың қан тобы дәл осы уақытта ауыр халде жатқан науқастың қан тобымен сәйкес келіп, аппарат арқылы тромбоцид клеткалары алынды. Дер кезінде зәру жанға өмір сыйлаған ҚАЖ қызметкерінің бұл амалы,  ерлікке пара-пар іс-әрекет. 

Сонымен қатар, ЗК-169/5 мекемесінің кадр саясаты тобының аға инспекторы, әділет майоры Алтынбек Гүлмираның ұйымдастыруымен мекеменің 15 жеке құрам және ерікті жалдамалы қызметкерлері де бұл іс-шараға белсенді түрде қатысты.

Қан тапсырып өзгеге өмір сыйлаған ҚАЖ қызметкерлері  көпке үлгі боларлық сауапты іс жасады. Облыстық қан орталығының директоры Серік Қуандықұлы  Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы, подполковнигі Шаймерден Есенкелдиевке және мекеме қызметкерлеріне ерекше алғысын білдірді.

Тағы да оқыңыз: