Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті сала ардагерлеріне құрмет көрсетті. Департамент бастығы әділет подполковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы  ардагерлерді ҚАЖ саласындағы мінсіз қызметі үшін «Қазақстан полициясының 30 жылдығы» медалімен марапаттады.

Жоғары кәсібиліктің үлгісін көрсетіп, ҚАЖ саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагерлер – Тұрсынбай Баймаханов, Күзембай Қожақов, Әділхан Сапаров Жәдігер Тәжиев, Талғат Ахметов,  Ғабит Қалыбаев. Департамент бастығы ардагерлерге осы саладағы  қызметке адалдықтары мен шыдамдылықтары үшін алғысын білдіріп,  отбасыларына амандық, дендеріне саулық  тіледі.

«ҚАЖ саласында 30 жылға жуық қызмет жасадым. Еңбек жолымды сол кездегі  Қызылорда облыстық ішкі істер басқармасына қарасты  № 10 колониясында  отряд басшысы болып бастадым. Әр жылдары осы мекемеде режим бөлімінің басшысы,жедел уәкіл қызметтерін абыроймен атқарып подполковник шенімен зейнеткерлікке шықтым.  Департамент басшысы ардагерлерді ұмытпай, Қазақстан полициясының 30 жылдығы медалімен марапаттап жатқаны, әрине қуантады. Бұл біздің кезінде сіңірген еңбегіміздің ұмытылмағандығын білдіреді. Құрметтеп жатқан департамент бастығына алғысымды айтамын», – деді ҚАЖ ардагері Әділхан Сапаров.

Тағы да оқыңыз: