Қызылордада «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

11.02.2020, 17:00

1014 0

Kyzylorda-news.kz. Ақпан айының 12-14 күндері аралығында республика көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Іс-шара барысында Жергілікті полиция қызметі басқармасы, Мемлекеттік кірістер және көліктік бақылау инспекциясы органдарымен бірлесіп облыс көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Жол көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтың, әсіресе заңсыз жолаушы тасымалымен айналысатын автобус және такси көлік құралдарын анықтайтын болады», – делінген хабарламада.  

0

Пікір қалдыру