Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 4836 құқық бұзушылық анықталды.

Облыс көлемінде өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бүгінгі күнге дейін жол ережесін бұзудың 4836 дерегі, оның ішінде автокөлікті мас күйінде басқарған 49 жүргізуші анықталды.

Мәселең, іс-шара аясында полиция қызметкерлері Қызылорда облысы Шиелі ауданында жол жүрісі қағидаларын бұзған жеңіл автокөлігін тоқтатты. Жеке басын анықтау барысында жүргізуші алкогольді спирт ішімдігін ішіп, масаң күйде болғандығы анықталды.

Тәртіп бұзушы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігіне сәйкес 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, автокөлігі айып алаңына қойылды.

«Жол қозғалысының барлық қатысушыларынан қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз орындауды, заңды сақтауды сұраймын! Қарапайым ережелерді сақтау жолдардағы төтенше жағдайлардың алдын алуға көмектеседі. Әрдайым естеріңізде болсын, Сіздің және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігі жолдағы тәртіпке байланысты»,- деп атап өтті Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Мұхтар Қожабаев.

Тағы да оқыңыз: