Kyzylorda-news.kz.  Қызылордада «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы 4899 қару иелері тексеріліп, 117 құқық  бұзушылық  анықталған.

Заңсыз айналымнан 26 дана қару тәркіленсе, олардың 7-і Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы (Қару-жарақтарды сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша, 19-ы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабына (қаруды заңсыз иемдену) сәйкес тәркіленген.

Сонымен қатар,  шара барысында қару сақтау  ережесін бұзған 75 азаматқа, қару тасымалдау және тіркеу ережелерін бұзған 98 азаматқа әкімшілік шаралар  көріліп, нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 53-1 бабына сәйкес  қару иелері  қайта емтихан тапсыруға жіберілді.

Тағы да оқыңыз: