Kyzylorda-news.kz. Бүгін өңірдің қала және барлық аудандарында ішкіпартиялық іріктеуге үміткерлерді тіркеу жұмыстары бастау алды. Праймеризге қатысуға ниет білдіріп, құжат тапсырушылар партия филиалдарында орналасқан аумақтық ұйымдастыру комитеттеріне келіп тіркелуде.

Алғашқы болып тіркелген үміткерлер Шиелі ауданының тұрғыны Өтебаев Біржан Бақтыбайұлы мен Қазалы ауданының тұрғыны Қарымсақова Рабиға Көптілеуқызы.

Аудандық мәслихат депутаттығына сайлауға түсуге ниеттеніп отырған үміткерлеріміздің бірі праймеризде жеңіске жеткен жағдайда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысын жетілдіруге күш салатындығын айтса, екіншісі жастар саясатын дамытуға үлес қоспақ.

Әзірге облыс бойынша 16 үміткер тіркеліп отыр. Олардың 3-і әйел азаматтар. 5-уі 35 жасқа дейінгі жастар. Барлығы өзін-өзі ұсынушылар. Тіркеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Тағы да оқыңыз: