Kyzylorda-news.kz. Бүгінде әр адамның азаматтық ұстанымы маңызды. Құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға бей-жай қарамай, белсенді азаматтық ұстаным таныту, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Міне, елімізде орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде азаматтық ұстанымын танытып, қала аумағында болып жатқан дүрбелең кезінде полиция қызметкерлеріне көмек берген Мақсат СейтжапбарұлынПолиция басқармасының бастығы Жаназаров Әбдібек Сламбекұлы марапаттады.

Осы ретте басқарма бастығы қала тұрғынына құқық қорғау саласының қызметкерлеріне қиын сәтте демеу болғаны үшін ​ өз алғысын білдірді.

«Қаламызда 4-5 қаңтар күні Назарбаев даңғылы бойында қала тұрғындарының жиналуымен ​ бейбіт шеру ұйымдастырылған болатын. 5 қаңтар күні бейбіт шеруіміз жанжалға айналып, ойда жоқта бүлікшілер араға от салып, полиция қызметкерлерін соққыға жығып жатқан оқиғаның куәсі болдым. Тез арада ортаға араша түсіп, оларды барынша қорғауға тырыстым. Біз ортаға кіріп, басу айтып жатсақта бүлікшілер бізді тыңдар емес.

«Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» – демекші, ел президентінің сындарлы саясатының арқасында елдегі шиеленіскен жағдай тұрақталды.

Айта кетерлік жәйт тәртіп сақшылары анттарына берік болып, күндіз-түні қызметте жүріп, ел тыныштығын сақтау, бүлікшілерді құрықтау, ​ үшін аянбай еңбек етті. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы Әбдібек Сламбекұлы Сізге, айтар алғысым шексіз. Осылай мені елеп, марапаттап өзіңіздіңжеке қабылдауыңызға қабылдап, жылы лебіз білдіріп, жатқандарыңызға алғыс білдіремін.​ Жұмыста тек абыройлы болып, шендеріңіз өсе берсін» -деді, Мақсат Сейтжапбарұлы.

Тағы да оқыңыз: