Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөлімінің қызметкерлері  пәтер ұрлығын жасаған күдіктіні құрықтады.

          Белгісіз адам жеке үйдің  пластикалық терезесін ашып кіріп, 300 мың теңгеден астам ақшасын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.

          «Жедел іздестіру және тергеу амалдарын жүргізу барысында, 14 қазан 2020 жылы күдікті ретінде жәбірленушінің үйінде тұратын туысы екендігі анықталып, құрықталды.  Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат  түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

          Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: