Kyzylorda-news.kz. Бүгін «Qosyl» жастар орталығында «Келіні жақсының – керегесі алтын» – атты жас келіндер арасында онлайн өткізілген байқаудың марапаттау рәсімі өтті.

Байқау отбасы күніне орай ұйымдастырылды.
Қазақтың әдет-ғұрпын құрметтеп, салт-дәстүрін берік ұстанған инабатты, ибалы қазақ келіндерін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған сайысқа облыс көлемінде 20 келін қатысты.

Дәстүрге айналған бұл байқау биыл ерекше форматта өткізілді. Қатысушылар байқау шарттары бойынша «онлайн» түрде алдымен өздерін таныстырып өтіп, өз өнерлерін, өздері әзірлеген ұлттық тағам түрлерімен таныстырып, қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрып жайында қойылған сауалдарға жауап берді.

Әділқазылардың шешімімен үздік деп танылған келіндер марапатталды. 1 орын Сымбат Қуатбайға бұйырды. 2 орынды Ақгүл Қуандық иемденсе, Салтанат Мұсақұл 3 орын алды. Өзге қатысушыларға арнайы ынталандыру сыйлықтары, дипломдар мен алғыс хат берілді.

Тағы да оқыңыз: