Kyzylorda-news.kz. Облыста 3 наурыздан бастап орман және дала өртінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралары жоспары бекітіліп, тиісті шаралар атқарылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бауыржан Шәменов мәлімдеді.

“Қазіргі таңда орман шаруашылығы мекемелерінде 9 дана өрт сөндіру автокөлігі мен 54 тұрақты өрт сөндірушілер қызмет атқаруда. Соңғы 2 жылда облыстық бюджеттен орман шаруашылығы мекемелеріне 3 дана өрт сөндіру автокөлігі сатып алынды. Сондай-ақ,басқармаға қарасты 8 орман шаруашылығы мекемесінде 9 өрт сөндіру автокөлігі, 78 дана байланыс құралдары, 26 қосымша тіркемелері бар тракторлар өрт маусымына дайындалып, жабдықталған”,-деді Бауыржан Серікұлы.

Ал ауылдық елді мекендерде орман және дала өрттерін сөндіру мақсатында ауылдық огруг әкімдіктері жанынан 1 971 адамнан құрылған 172 ерікті өртке қарсы құрылымы жұмыс жасауда.

Оның құрамында 7 өрт сөндіру автокөлігі және 373 бейімделген техникасы мен 20 мотопомпасы бар.

Тағы да оқыңыз: