Kyzylorda-news.kz. Әлемді жайлаған пандемияға қарамастан қызылордалық спортшылар дайындықтарын тоқтатқан емес.

Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №24 қаулысына сәйкес аймақ спортшылары карантиннен кейін қауіпсіздік шараларын назарда ұстап, спорт залдарда оқу-жаттығу процестерін жалғастыруда. Сондай-ақ, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бекітілген жоспарына сәйкес «ZOOM» бағдарламасы арқылы облыстық онлайн жарыстар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, тоғызқұмалақтан ересектер арасында, жалпы дене дайындығы жаттығулары бойынша 16 және 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында жекелей облыстық жарыстар, жасөспірімдер арасында каратэден КАТА, таеквондодан ПУМСЭ бағдарламалары бойынша, ерлер арасында қоссырықта қолды бүгіп жазудан, кермеге тартылудан, футбол фристайлынан өткізілген жарыстарға 1000-нан аса спортшы қатысты. Сыр спортшылары онлайн жүйеде республикалық жарыстарға да қатысып, облыс намысын қорғауда.

Алдағы уақытта атаулы мерекелер қарсаңында көркем және эстетикалық гимнастикадан, гір спортынан, таеквондодан, кермеге тартылудан, тоғызқұмалақтан, футбол фристайлынан, киокушинкай-кан, каратэден және басқа да спорт түрлерінен онлайн спорттық іс-шаралар жоспарлануда.

Айта кетейік, халықты спортқа тарту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында “YouTubе” желісінде «Сыр спорты» каналы жұмыс істейді.

Тағы да оқыңыз: