Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды өрт сөндіру қызметі.

Оқыс оқиға орынына өрт сөндірушілер жеткенше, баспананың төбе жабындысы толықтай жанып кетіпті. Ал күлі көкке ұшқан үйдің ішінен 59 жастағы ер азаматтың мәйіті шығарылған. Марқұмның мәйітін құтқарушылар баспананың ортаңғы бөлмесінен тапты 

«Өрт сөндірушілер өрт ошағына кіріп ортаңғы бөлмеден 1962 жылғы ер азаматтың денесін алып шықты. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр», деленген хабарламада.

Тағы да оқыңыз: