Қызылордада өңдеу өнеркәсібі төмендеді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада өңдеу өнеркәсібі төмендеді

12.01.2021, 10:20

844 0

Kyzylorda-news.kz. Өткен жылы Қызылорда облысында өңдеу өнеркәсібі төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, өңдеу өнеркәсібі бойынша 12 өңір өсім көрсетті.

«Жоғары өсім Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалады. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Олар Қызылорда, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы», – деді министр.

Руслан Дәленов өз сөзінде өткен жылы республикада өңдеу өнеркәсібі жоғары өсім көрсеткенін айтты.

«Өңдеудің өсім қарқыны 3,9 пайызға дейін жеделдеді. Бұл ретте, ОПЕК+ келісімінің аясында мұнай өндірісінің қысқаруы салдарынан кен өндіру өнеркәсібі 3,7 пайызға төмендеді. Нәтижесінде, жалпы өнеркәсіптің нақты көлем индексі 99,3 пайызды құрады», – деді Руслан Дәленов.

0

Пікір қалдыру