Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы және «Сыр волонтерлері» орталығының ұйымдастыруымен өткен “Мың алғыс” акциясына облыстық ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестік өкілдері, облыстық жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған волонтерлар фронт-офисі, кәсіпкерлер мен меценаттар, қоғамдық ұйымдар белсене атсалысты.

Акция індетке шалдыққан науқастармен тікелей жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің және мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған.

Аталған акция барысында 60 отбасыға азық-түлік жиынтығы, мерекелік себеттер, «Абай-Дәулет» ЖШС атынан 200 қалта күріш, «Ажар СИТИ» сауда үйі 20 коробка азық-түлік жиынтығы және этномәдени бірлестіктің өкілдері тарапынан ет таратылды. Азық-түлікті автоволонтерлер қажетті мекен-жайларға өз көліктерімен жеткізді.

Сондай-ақ, медицина қызметкерлеріне елеулі еңбектері үшін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы атынан алғыс хат табысталды.

Тағы да оқыңыз: