Қызылордада мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында нысана көздеуден жарыс болды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында нысана көздеуден жарыс болды

21.06.2021, 12:00

745 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадион манежінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында нысана көздеуден іріктеу жарысы өтті.

Жарыстың бас төрешісі Жұмабек Дәрмен хабарлағандай, жарысқа Қызылорда қаласы мен аудан командалары қатысты.

Мақсаты – қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ҚР спартакиадасына облыс құрамасын жасақтау, салауатты өмір салтын насихаттау, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дене дайындығын жетілдіріп, спортпен тұрақты шұғылдануға тарту.

Жарыс нәтижесінде жекелей сында ерлер арасында R-1 бағдарламасы бойынша Жалағаштан келген Азамат Нұрғали мергендік танытты. Сырдариялық Рахмет Нұрмағанбет – екінші, аралдық Мейрамбек Әлманов үшінші орындарды иеленді. R-2 бағдарламасында әйелдер арасында жалағаштық Салтанат Дәржанның мерейі үстем болды. Сырдариялық Сандуғаш Бакеева – күміс, аралдық Айман Сұлтаева – қола жүлделерге ие болды.

P-1 бағдарламасы бойынша ерлер арасында қызылордалық Александр Огай жеңіс тұғырына көтерілсе, жалағаштық Мұрат Тасберген екінші, сырдариялық Бекболат Қапанов үшінші орындардан көрінді.

P-2 бойынша әйелдер арасында Жалағаш ауданының спортшысы Гүлжанат Кеңесова алтын, сырдариялық Аякөз Әймен күміс, қызылордалық Роза Смағұлова қола жүлделерді еншіледі.

0

Пікір қалдыру