Kyzylorda-news.kz. Бүгін Талсуат оңалту орталығында ерекше жандар арасында «Мерейлі отбасы» спартакиадасы болып өтті.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған спартакиада мақсаты дене тәрбиесін насихаттау, ерекше жандар арасында салауатты өмір салтын ұстануға назар аудару болып табылады.

Спартакиаданы «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы салтанатты түрде ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Барлығы үш топқа бөлінген жарысқа қатысушылар «Таныстыру», «Кім жылдам?», «Картоп егу», «Допты торға», «Көңілді әуе шарлары»  кезеңдері бойынша бақ сынасты.

Барша белсенді қатысушыларға «Қоғамдық келісім» КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы атынан Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Тағы да оқыңыз: