Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Достық үйінде мектептік медиацияны дамыту мақсатында оқушылар арасында ғылыми және әлеуметтік жобаларының байқауы өтті.

Іс-шара офлайн және онлайн форматта, санитарлық талапқа сай, оқушылардың қауіпсіздігі сақтала отырып өткізілді. Шараға өткізілген жобалардың арасынан іріктеліп 14 жоба қорғалды.

Байқау барысында қазылар алқасының шешімімен «Жаңашыл жоба» номинациясын П.Осипенко атындағы №8 орта мектептің 8 сынып оқушысы Салауат Абраимов иеленді. Сондай-ақ Т. Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Алтынай Төлепберген «Заманауи жоба» номинациясы бойынша марапатталды. Ал «Үздік жоба» номинациясын Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Құралай Амангелді қанжығасына байлады.

Сайыс жеңімпаздардарын «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Болатбек Айтбенбетов марапаттап, оларға бағалы сыйлықтар табыстады. Байқауға қатысушы оқушылар мен олардың жетекшілері арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.

Тағы да оқыңыз: