Қызылордада мектеп бітірушілерге аттестат тапсырылды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада мектеп бітірушілерге аттестат тапсырылды

03.06.2020, 12:20

273 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысындағы барлық мектептерде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен, бекітілген тәртіпте салтанатты түрде түлектерге аттестат тапсыру рәсімі өтті.

Қызылордада биылғы оқу жылында 6059 бітіруші мектепті аяқтады. Олардың  548-і «Алтын белгі», 363-і «Үздік аттестат» иегері атанды.

Мектеп бітіруші оқушылардың соңғы қоңырау шарасы мен аттестат алу рәсімі біріктіріліп өткізілді. Аттестат тапсыру барысында санитарлық сақтық шаралары қатаң сақталды. Шараға қатысушылар арасында әлеуметтік ара-қашықтық, оның алдын ала орындарының белгіленуі, маскалық режим және барынша қатысушылар санын шектеу талап бойынша сақталды. Шарада түлектердің тек ата-анасы немесе заңды өкілдері қатыстырылды.

0

Пікір қалдыру