Kyzylorda-news.kz. Малды бақылаусыз жаю, жануарлардың жолға шығуы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Жыл басынан бері облыс аумағында үй жануарларының қатысуымен 6 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 5 адам түрлі  жарақат алды.

Осындай жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау мақсатында Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыс жолдарында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы № 473 шешіміне сәйкес, Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бекіту туралы ереже әзірленген.  

Аталған ереже негізінде, сондай-ақ,  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 408-бабының талаптарына сәйкес, Қызылорда облысы полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі бөліністері қызметкерлерімен қараусыз жайылып жүрген ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне қатысты әкімшілік жазаларды қолдануда.

Ағымдағы жылдың басынан 148 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қызылорда облысының полиция департаменті ірі қара мал иелеріне оларды бақылаусыз жаюға жол бермеу туралы ескертеді. Үй жануарларының иелеріне жануарларды жаю, сондай-ақ оларды арнайы белгіленген орындардан тыс автомобиль жолдары арқылы айдап өту үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді.

Жүргізушілер, өз кезегінде, тәуліктің түңгі уақытында елді мекендердің жанында, тиісті белгілер орнатылған жерлерде ерекше қырағы болып, жылдамдық режимін сақтауы қажет.

Тағы да оқыңыз: