Kyzylorda-news.kz. Бүгін түнгі 02 сағат 10 минут шамасында Дағдарыс жағдайындағы басқару басқармасына 2002 жылғы Бағдәулет Өтегенов есімді азаматтың мал іздеп шығып жоғалып кеткендігі жөнінде хабарлама келіп түсті.

Жоғалған азамат Жалағаш ауданы Қаракеткен елді мекенінде 6 қазан күні сағат 14-00 шамасында мал іздеп шығып, қайта оралмаған.

Хабарлама түскен уақытта Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына шығып, Қаракеткен елді мекенінен 22 шақырым қашықтықта орналасқан «Құлжан» фазендасына жетті. Жан-жақты іздестіру барысында жас жігіт табылды.

Оқиға кезінде анықталғандай, ол мал іздеуге шығып, жолдан белгісіз бағытқа қарай кетіп, адасып қалған. Осы оқиғаға байланысты інісін дер кезінде іздеп, аман-есен тапқан құтқарушылар мен кинолог мамандарға Бағдәулеттің ағасы алғыс  айтты.

Тағы да оқыңыз: