Kyzylorda-news.kz. Соңғы тәулікте облыс бойынша коронавирус инфекциясымен анықталған 13 науқас тіркелді. Қазіргі кезде індет жұқтырғандар 245-ке жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов мәлімдеді.

“Бүгін коронавирус инфекциясымен 13 адам анықталды. Оның 2-уі Қызылорда қаласы, 2-уі Арал, 2-уі Қазалы, 2-уі Шиелі, 3-уі Жаңақорған, 2-уі Қармашы ауданынан. Бұл анықталған азаматтардың барлығы Атырау облысында мұнай-газ саласында жұмыс істейтін облысымыздың тұрғындары. Бүгінгі таңда барлығының жағдайы бақылау барысында бірқалыпты”, – деді Наурызбай Байқадамов.

Облыс әкімінің орынбасары өз сөзінде сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды. Сонымен қатар, сырт өңірлерден әртүрлі жолдармен келген азаматтар болса, жергілікті медициналық мекемеге хабарласуын сұраймыз.

Тағы да оқыңыз: