Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шара барысында тәртіп сақшылары шетелдіктердің құқықтарын сақтай отырып, олардың облыс аумағында болу заңдылығын тексерді. Жатақханалар, қонақ үйлер, базарлар, вокзал және салынып жатқан құрылыс нысандарын аралады.  Облыс  көлемінде Көші-қон қызметі бөлімі мен Жергілікті полиция қызметкерлерімен жүргізілген жұмыс барысында 275  шетел азаматы полиция органдарына жеке басын анықтауға жеткізілді. 238 азамат заң бұзған. Оларға әкімшілік хаттама толтырылып, Қызылорда әкімшілік мамандандырылған сотына заңды шешім қабылдау үшін жолданды.

«ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы)  167 шетелдік анықталды. Азаматтар жеке басын анықтайтын құжатының болмауына байланысты  Қызылорда ҚПБ-ның Қабылдау-тарату орнына жеткізілді», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: