Қызылордада көші-қон қызметінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды (видео) – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада көші-қон қызметінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды (видео)

20.11.2019, 10:00

3337 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Шиелі аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Антикоррупциялық қызмет баспасөз қызметі. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысы ҰҚКД-мен бірлесіп сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Қызылорда облысы Шиелі аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметінің бастығы полиция майоры әшкереледі. Ол Өзбекстан Республикасының 15 азаматына көші-қон карточкасын заңсыз тіркеу және беру үшін жеке кәсіпкерден 75 мың теңге сомасында пара алды деп күдіктеніп отыр», – делінген хабарламада. 

Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

0

Пікір қалдыру