**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/)** **Қызылорда облысы Шиелі аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің бастығы пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Антикоррупциялық қызмет баспасөз қызметі.**  > _“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қызылорда облысы ҰҚКД-мен бірлесіп сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Қызылорда облысы Шиелі аудандық полиция бөлімінің Көші-қон қызметінің бастығы полиция майоры әшкереледі. Ол Өзбекстан Республикасының 15 азаматына көші-қон карточкасын заңсыз тіркеу және беру үшін жеке кәсіпкерден 75 мың теңге сомасында пара алды деп күдіктеніп отыр”, – делінген хабарламада._  Күдіктінің кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.