Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылдың 2 наурызында Қызылорда қаласының көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысына арналған мәжіліс өтті.

Жиынға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Т.Дүйсебаев, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бөлімінің басшысы Ж.Айтжанова, «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясы басшысы С.Нұрымбетов, «Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің басқарма төрағасы орынбасары Ә.Тоқтамысов және шаруашылық басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселеге байланысты «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясының басшысы С.Нұрымбетов Сырдария өзені бойындағы су шаруашылығы жағдайы, «Қазсушар» мекемесі Қызылорда филиалы директорының орынбасары Ж.Ерназаров ауыл шаруашылығы дақылдарын вегетация кезінде суармалы сумен қамтамасыз ету мәселесі, «Ы.Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің ғалымы К.Шермағамбетов су тапшылығы жағдайында егін шаруашылығында су қорларын тиімді пайдалану, күріш дақылын өсіруде аквагель тыңайтқышын қолдану, әртараптандыру бағытында күздік бидайды егістікте қолдану жөнінде ұсыныстар беріп, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бөлімінің басшысы Ж.Айтжанова дала жұмыстарына дайындық кезеңінде тазалау мен жөндеуден өткен каналдар және қолдау тапқан су жинау ұңғымалары жайлы ақпарат беріп өтті.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Т.Дүйсебаев көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы және ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру сызбасын қайта қарау бағытындағы жұмыстар жөнінде хабарлама жасап, әртараптандыру, субсидия төлеу, суарудың тиімділігі, мал азығы бағасының қымбаттауы бойынша мәселелерге тоқталды.

Тағы да оқыңыз: