Қызылордада кеңес беру орталығы ашылды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада кеңес беру орталығы ашылды

15.11.2019, 16:40

414 0

Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» ЖҚ Қызылорда облыстық филиалының бастамасымен «Қызылорда» сауда орталығында «Кеңес беру орталығы» ашылды.  Шараға «Jas Otan» ЖҚ облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес және қала тұрғындары қатысты.

Орталықта базар келушілері мен жұмыскерлері сала мамандарынан, басшыларынан тұрғын үй, кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, заң құқықтары, денсаулық сақтау мәселелері жөнінде тегін консультативті кеңес алатын болады.

Сондай-ақ, қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша мәслихат депутаттары, мекеме басшылары қабылдап, кәсіби заңгер мен психолог мамандар консультация жүргізеді.

0

Пікір қалдыру