Қызылордада карантинге қарамастан ауыл тұрғыны көкпар ұйымдастырған – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада карантинге қарамастан ауыл тұрғыны көкпар ұйымдастырған

27.10.2020, 9:40

204 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгінгі күні қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған қатаң шараларға қарамастан карантин режимін бұзу, туыстарын жинап, той жасап жатқан азаматтар саны азаяр емес.

Ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап жарияланған карантин шектеулерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мониторингтік мобильді топтармен оның ішінде, жергілікті атқарушы органдар, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, еріктілер, қоғамдық көмекшілер, бұқаралық ақпарат құралдарымен бүгінгі күнге дейін 758 құқық бұзушылық анықталды.

Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылының тұрғыны карантин талаптарын сақтамай, шамамен 100 (жүз) адам жинап, ұлттық ойын көкпар ұйымдастырған.

«Қазан айының 15-нен бастап Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп   «Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Шара барысында  тыныштықты бұзу  және Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу деректері анықталып, заң шеңберінде әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сондай – ақ, полицейлер  қала аумағында  орналасқан  компьютер клубтарының бірінде түнгі мезгілде ойнап отырған 4 кәмелетке толмағанды анықтады. Олардың ата – аналарына айыппұл салынды», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

0

Пікір қалдыру