Қызылордада электр желілеріндегі шығындар азайды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада электр желілеріндегі шығындар азайды

17.01.2020, 18:20

436 0

Kyzylorda-news.kz. «Қызылорда ЭТТК» АҚ аймақтық электржелілік компаниясының дерегінше, электр энергиясының транзитіне жұмсалатын шығындар төмендеген. Бұл туралы ҚР ЭМ АЭҚБК Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті хабарлады.

2019 жылы көлік үшін технологиялық тұтыну үшін шығындардың 14,95%-ды құрап отыр. Бекітілген нормативтік техникалық шығындар 14,80% құрады және 1,82%-ға азайғандығы байқалады. Нормадан тыс шығындар 2019 жылы 0,15%-ды құрады, 1,61%-ға азайған.  Нормативтен тыс шығындарсыз 2019 жылы Қазалы, Орталық (Қызылорда қаласының орталық бөлігі), Арал және Шиелі аудандарының электр желілерінің, ал нормативтен тыс шығындар Жалағаш ауданы бойынша 5,08%, Тереңөзек ауданы бойынша 4,06% құрады.

Электр желілеріндегі шығындардың төмендеуі электр желілері жабдықтарының техникалық жайғдайы мен жұмысын жақсарту, оның жұмысының сенімділігін арттыру, сонымен қатар электр желілерін қайта құру мақсатты бағытталған жұмысты білдіреді. Еуропалық қайта құру және даму банкі қаржыландыратын жобалар аясында, сондай-ақ коммерциялық шығындарды жою.

 «Қызылорда ЭТТК» АҚ электр желілері бойынша берілген электр энергиясының мөлшері 2019 жылы алғаш рет 1 млрд.кВт*сағатқа жетті және 6,66% -ға артты, осыған байланысты қол жеткізілген шығындардың азаюы энергия беруші ұйымы ұжымының үлкен оң нәтижесі болып табылады», – деп хабарлады аталған департаменттен.

0

Пікір қалдыру