Қызылордада ішімдік ішкен тұрғын танысын өлтіріп алды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада ішімдік ішкен тұрғын танысын өлтіріп алды

30.03.2021, 16:40

449 0

Kyzylorda-news.kz. Кеше Қызылорда қаласындағы жеке үйлердің бірінде облыс орталығының 2 тұрғыны спирттік ішімдікті мөлшерден тыс пайдалануы қайғылы жағдайға әкеп соқтырды.  

Ішімдік ішкен 2 азамат жанжалдасып, салдарынан олардың бірі екіншісінің аяғына пышақ жарақатын салған. Соңғы оқиға орнында қайтыс болды.

Тергеу барысында оның бұрын сотталған, қаланың жұмыссыз тұрғыны екені анықталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда. Сот сараптамалары тағайындалды.  

Қазіргі уақытта, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана өлім келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қылмыстың осы түрін жасағаны үшін сот шешімімен 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.   

0

Пікір қалдыру