Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер «Hi-tech» іс- шарасы барысында интернет алаяқты ұстады.

Соңғы кездері интернет-алаяқтар әлеуметтік желілерде, соның ішінде Telegram, Facebook, Instagram желілерінде белсенділік танытып, жалған боттар жасау арқылы қолданушылармен хат алмасып, олардың сеніміне кіреді.

«Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шара аясында қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері интернет – алаяқты ұстады. Ол WhatsApp мессенджерінде Life Styler чатын ашып, ақшаны көбейтемін деп уәде беріп, уәдесін орындамай облыс орталығының тұрғыны 54 жастағы әйелді алдаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 36 жастағы күдіктіні ұстады.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша (Ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: