Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында құны 543 млрд. теңгеден асатын 46 инвестициялық жобамен жұмыс жүргізілді. Осы жобалар арқылы 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туды.

«Биыл құны 45 млрд. теңгені құрайтын, қолданысқа түскенде 500-ге жуық жұмыс орны ашылатын 4 жобаны іске қосу жоспарлануда. Олардың қатарында Қызылорда қаласындағы шыны зауыты бар. Сонымен қатар, осы жылы 235 млрд. теңгені құрайтын Жаңақорған ауданында «Шалқия» кен орнында тау-кен байыту комбинатының және 93,5 млрд. теңгені құрайтын Арал ауданында кальцийленген сода зауытының құрылысын бастау дайындықтары жүргізілуде. Шиелі ауданында «Баласауысқандық» ванадий кен орнын игеру жұмыстары жалғасуда, осы жылдың желтоқсан айынан бастап ферромолибден өнімін өндіруді бастаймыз», – дейді Гүлшара Наушақызы.

Тағы да оқыңыз: