Қызылордада индустрияландыру бағдарламасы аясында 3 жоба жүзеге асырылды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылордада индустрияландыру бағдарламасы аясында 3 жоба жүзеге асырылды

17.02.2021, 11:07

1811 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында былтыр индустрияландыру бағдарламасы аясында 1,5 млрд теңге қаржыға 3 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 172 жұмыс орны ашылды.

Атап айтыр болсақ, тауарлы балықты өсіру және терең өңдеу кешенін кеңейту цехының 1 кезең, балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен пластикалық қайық жасау цехының 1 кезең, кварц құмын байыту бойынша тау-кен байыту комбинатының 1 желісі.

«Ағымдағы жылы тағы да құны 48,5 млрд теңгенің 4 жобасын іске асыруды жоспарлап отырмыз. Нақтырақ айтар болсақ, шыны зауытының құрылысы, құс фабрикасын салу, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ өндіру және «Арал тұз» АҚ-да испан технологиясы бойынша тұз өндірудің үшінші цехын салу жобалары бар», – дейді аймақ басшысы.

Биыл жүзеге асатын 4 жоба бойынша алдағы уақытта 506 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

«Шалқияда» тау-кен байыту камбинатын және кальцийленген сода өндіру зауыт құрылысы. Шыны зауытының айналасында 8 өндіріс ашу жоспарлануда, оның ішінде шыны талшық, айналар, шыны ыдыстар мен ыдыстар өндірісінің жобалау кезеңі аяқталуда. Ал, кальциленген сода зауытының айналасында ас содасын, жуу құралдарын, еріткіштерді және басқа да өнімдерді шығару бойынша жоспар бар», – дейді Гүлшара Әбдіқалықова.

0

Пікір қалдыру