Kyzylorda-news.kz. Енді бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан құрылыс нысаны туралы барлық мәлімет жарияланады. Осы мақсатта арнайы жоба әзірленіп, «Halyq Monitoring» сайты ашылды.

Сайтқа бюджет қаражатына салынатын нысандар, құрылыс-монтаж жұмыстарының басталу және аяқталу мерзімдері, тапсырыс беруші, мердігер мекемелер мен авторлық және техникалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар, бөлінген қаржы мөлшері секілді мәліметтер енгізілуде.

«Жобаның мақсаты ашықтықты қамтамасыз ету. Тұрғындар құрылыстың сапасына қатысты шағымдарын кері байланыс арқылы білдіре алады. Яғни, орын алған кемшіліктер дер кезінде түзетуге мүмкіндік туады», – деді облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы Марсбек Рүстемұлы. Бұған қоса, техникалық қадағалау сарапшыларының айлық есептерін электронды форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде «TexStroi-Smart» электронды платформасына 100-ден астам техникалық қадағалау сарапшысы тіркелді.

Тағы да оқыңыз: