Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында электрондық газ есептегіш құрылғысы механикалық жүйеге өткізілуде. Бүгінгі таңда 14 мыңнан астам тұтынушы электрондық газ есептегішпен көгілдір отынды пайдаланып отыр.

«Электрондық газ есептегіш құрылғысын механикалық жүйеге өткізу үшін бізге 104 немесе колл орталық 87710121211 телефондар арқылы хабарласу керек. Сонымен қатар orda-ktga@mail.ru электрондық поштасына жазбаша өтінім жолдауларына болады. Ақысыз өткізіп береміз. Электрондық газ есептегішті ұзақ уақыт пайдаланылғандықтан батареясы тозып, есептегіш істен шығуда. Осы олқылықтың алдын алу мақсатында тұрғындардан механикалық жүйеге көшуге кеңес береміз», – деді “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ Қызылорда өндірістік филиалы өтім және газ режимі қызметінің басшысы Жолдас Әженов.

Механикалық жүйенің тағы бір артықшылығы төлемді kaspi.kz, homebank.kz ұялы қосымшалар арқылы және Qiwi, Касса24 терминалдары арқылы төлей алады.

Тағы да оқыңыз: