Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда қалалық полиция басқармасына 31 жастағы қала тұрғыны  арызданды. Кешкілік уақытта қалада орналасқан фото-видео студиялардың бірінен қымбат үлгідегі, кәсіби құралдар ұрланғандығы белгілі болды. Келтірілген шығын 3 470 000 теңге.

Полицейлердің кәсібилігі мен жедел әрекеттерінің арқасында көп ұзамай осы дерекке қатысты күдікті 23 жастағы азамат ұсталды.

Қазіргі таңда күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды.  Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру  жұмыстары басталды.

Тағы да оқыңыз: