Қызылордада есірткі сақтаған 22 жастағы Семей қаласының тұрғыны ұсталды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада есірткі сақтаған 22 жастағы Семей қаласының тұрғыны ұсталды

27.08.2021, 18:00

415 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ағымдағы жылдың 21 тамызында Қызылорда қаласында Семей қаласының 22 жастағы тұрғыны синтетикалық есірткі затын сақтағаны үшін құрықталды.

Оның қала орталығынан жалдаған пәтеріне тінту жүргізу барысында  есірткі дайындап, сату үшін шағын зертханаға айналдырғаны анықталды.Пәтерде сатуға дайындап қойған екі дана газет қиындысына салынған сұр түсті ұнтақтар, сонымен қатар, есірткіні өлшеуге  арналған электронды таразы, рулон фольга, түрлі-түсті изолента, скотчтар және арнайы пакеттер  заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Сараптама қорытындысымен тұрғын үйден тәркіленген ұнтақтың жалпы салмағы 235,83 грамм «а-пирролидиновалерофенен» немесе «a-PVP» психотроптық заттарға жататынын бекіткен.

Семей қаласының тұрғыны аталған есірткі заттарын жалдамалы пәтерінде өзі өлшеп, бөлектеп, дайындап, интернет желісі арқылы тапсырыс қабылдап, сататыны анықталды.

Күдікті Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынып, бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағына (аса iрi мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда.

Қызылордалық полицейлер соңғы бір ай көлемінде аса ірі мөлшердегі синтетикалық есірткі сатудың екінші дерегін  анықтап  жолын кесті.

0

Пікір қалдыру