Kyzylorda-news.kz. Аймақта судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан 19 оқиға тіркеліп, 21 адам қайтыс болды. Оның 8-і бала.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Омар Бержанов баяндады.

«Өткен аптада 3 бірдей қайғылы оқиға тіркеліп, 4 адам қаза тапты. Оның бірі Титов қыстағының 13 жасар тұрғыны. 2-ші жағдай Жосалы кентінің 1992 жылғы азаматы. Сондай-ақ, Қалғандария көлінен екі азаматтың суға түсуге арналмаған жерде батып кеткендігі анықталды. Азаматтардың мәйіті табылып, судан шығарылды.Өңірде суға шомылуға болмайтын 64 аймақ белгіленіп, 139 ескерту тақтайшасы орнатылды. Суға түсуге қауіпті аймақтарда азаматтардың рұқсат етілмеген жүзу құралдарын қолдануы және алғашқы көмек көрсету тәсілдерін білмейтіндігі де қайғылы жағдайдың көбеюіне әкелуде . Жаз айларында табиғатқа шығып, демалысты өзен мен көл жағасында өткізетін тұрғындар көп. Алайда сақтық ержелерін сақтамау салдарынан осындай демалыстар бақытсыз жағдайлармен аяқталып жатады»,-деді сала басшысы.

Тағы да оқыңыз: