Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында «Syr jastary-2025» жол картасының жобасы әзірленуде. Ол 5 бағыт, 29 индикатордан тұрады. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Жоба шеңберінде 6 мыңға жуық сырбойылық жас «Жасыл ел» және «Жас құрылысшылар» еңбек жасақтарының қатарында еңбек ететін болады. Сонымен қатар Қызылордада дәстүрлі облыстық еңбек лагерін ұйымдастыру жоспарланып жатыр.

«Облыс жастарының 8,4 % NEET санатындағы жастар құрайды. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына мемлекеттік гранттар мен инвестициялар тартылып, өңірде NEET санатындағы жастардың үлесін төмендету көзделуде», – дейді Серік Ахмет.

Тағы да оқыңыз: