Kyzylorda-news.kz.Қызылордалық медбике инъекцияға арналған «Дексаметазон» ерітіндісінің бір ампулын 1500 теңгеден сатқан.

Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінде заңсыз кәсіпкерлікті жүзеге асырды деген күмәнмен, яғни лицензиясыз дәрі-дәрмек сату фактісі анықталып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Департамент қызметкерлеріне және басқа сатып алушыларға медбике көтеріңкі бағамен 15 дана ампула сатқан.

Дәрі-дәрмекті сатып тұрған тұлға медицина қызметкері болуы себепті, Қызылорда облысы Бас санитар дәрігерінің 07.07.2020 жылғы №17 қаулысымен құрылған «Қызылорда облысы денсаулық сақтау субъектілерінің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуі мәселелері бойынша» мониторингтік тобымен қазіргі кезде аталған дәрі-дәрмектің тегін берілуге жататына немесе нақты сатылу бағасы туралы эксперттердің қатысуымен тексеру жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 214-бабы 1-бөлігімен қозғалған қылмыстық іс департаменттің өндірісінде.

Тағы да оқыңыз: