Kyzylorda-news.kz.“Бизнес-мектеп” құралы бойынша кәсіпкерлік қызметті жүргізудің функционалдық бағыттарына оқыту 10 (он) жұмыс күні ішінде күндізгі оқу және/немесе қаржылай емес қолдауды жүзеге асыратын оператордың веб-порталында қашықтықтан оқыту арқылы жүргізіледі.

“Бизнес-мектеп” құралы бойынша қызметті моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және облыс орталықтарында Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарындағы қаржылай емес қолдау операторы көрсетеді.

“Бизнес-мектеп” құралы бойынша қызмет кәсіпкерлікті қолдау бойынша қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде қолдауды пайдаланбаған, жұмыспен қамтылғандардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ ісін жаңа бастаған және әрекет етуші кәсіпкерлер үшін ақысыз негізде ұсынылады.
Өтініштер қағаз жүзінде және электронды нысанда қабылданады.
-қағаз түрінде “Бизнес-мектеп” құралы бойынша мемлекеттік қызметті қаржылай емес қолдау операторы Кәсіпкерлер палатасындағы КҚКО-на, КҚКО бөлімшелеріне жүгіну арқылы,
– электрондық нысанда – “электрондық үкімет” веб-порталында.

Қажетті құжаттартізімі: – өтінім (қоса берілген) – жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі; – өтініш берушінің санатын растайтын құжат: 1. кәсіпкерлікті қолдау бойынша қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде қолдауды пайдаланбаған, жұмыспен қамтылған тұлғаүшін – жұмыс орнынан анықтама 2. бастауыш немесе әрекет етуші кәсіпкерлер үшін – кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгендігі жөнінде анықтама.

Барлық сұрақтар бойынша хабарласуға болады:

  • Call-center – 1432
  • Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы, Желтоқсан көшесі, 12, тел. 8/7242/400981,
  • Жауапты тұлға: Қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы -Елеусінова Гауhар Ыбрайқызы, тел. 8 7242 400874.
    Жұмыс кестесі: Дс-Жм, сағ.9.00-18.30, үзіліс сағ.13.00-14.30

Тағы да оқыңыз: