Қызылордада «Біз – жеңістің мұрагеріміз!» эстафетасы басталды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада «Біз – жеңістің мұрагеріміз!» эстафетасы басталды

24.02.2020, 12:20

830 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада Жеңістің 75 жылдығына орай «Біз – Жеңістің мұрагеріміз!» атты Тағзым эстафетасы атап өтіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Ұлттық Ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары Ниязтай Әлкешев мәлімдеді.

«Аталған эстафета 5 ақпан мен 5 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірінде жалғасады. Бұл Душанбе қаласында өткен ТМД Мемлекет басшылары Кеңесінің шешімімен бекітілген Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге бағытталған негізгі іс-шаралар жоспары аясында өткізілмек,Сондай-ақ,эстафетаның мақсаты – Ұлы Отан соғысында Отанын жанқиярлықпен қорғаған қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне құрмет көрсету, есімдерін ел есінде сақтау, майдан даласында елі үшін қаза болған әр солдаттың ерлігін ұлықтау»,- деді Ниязтай Болатұлы.

Мұнан өзге, Эстафета аясында даңқты панфиловшылар дивизиясының Жауынгерлік Туының көшірмесі республикалық маңызға ие 3 қаладан, облыстық деңгейдегі 14 қаладан және шағын 7 қаладан өтетін болады.

Сонымен қатар, салтанатты рәсім Тағзым алаңыннан бастау алып, Ғ.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде концерттік бағдарламамен жалғасын табады.